Пәкістандық туристер елден күштеп шығарылды

Қымбат Елтайқызы

Қандай заң бұзғаны айтылды

фото: polisia.kz

Астананың тәртіп сақшылары Пәкістаннан келген туристерді Қазақстаннан мәжбүрлі түрде шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, жедел-профилактикалық іс-шара барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзған Пәкістанның бес азаматын анықтады. Шетелдіктердің елорда аумағына туристік виза арқылы кіргені және белгіленген мерзімде елден шықпағаны белгілі болды.

Мигранттар Қазақстаннан күштеп шығарылды. Сақшылар туристерді әуе рейсімен Пәкістанға жіберді, – делінген ақпаратта.

Астана қаласының полиция департаменті көшелер мен қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу мақсатында 14-18 қазан аралығында жедел-профилактикалық іс-шара өткізіп жатыр. Шара басталғаннан бері тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасын бұзған 217 шетелдік пен 27 ҚР азаматын анықтады. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 23 шетел азаматы елден шығарылды.