Статистика жарияланды
Бүгінде Қазақстанда 25 мыңнан астам адам ғылым бағытында жұмыс істейді, деп хабарлайды Halyq Uni.
ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ғылым мен технологиялық саясаттың дамуы туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки мәлімдеді.
Оның айтуынша, өткен жылы қабылданған Қазақстанда жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту, өмір бойы оқыту және ғылымды дамыту сияқты бағыттарға ерекше назар аударылады. Президент Жарлығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес құрылды.
«Ғылымды қаржыландыру 3,5 есе өсті, ал әлемнің жетекші орталықтарында қазіргі уақытта 800-ден астам адам ғылыми тағылымдамадан өтті», – деді спикер.