Оралда жойқын жарылысқа жол берілмеді

Қымбат Елтайқызы

Қауіпті оқиға тіркелді

фото: ТЖМ

ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде екі газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Оралда екі қабатты қойма ғимаратының бірінші қабатында матрацтар жанды.

30 шаршы метр алаңдағы жалын сөндірілді. Құтқарушылар оттан қауіпсіз аймаққа екі газ баллонын шығарды. Зардап шеккендер жоқ, – деп қосты ведомство.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыздар, деп ескертті мамандар.