2025 жылы Ораза қашан басталады?
26 наурыздан 27 наурызға қараған түн – Қадір түні
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Кестеге сәйкес, Рамазан айы 1 наурызда басталады. 26 наурыздан 27 наурызға қараған түн – Қадір түні.
Ораза айт – 30 наурыз.
Басқарма Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалатынын мәлімдеді. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.