Өңірдегі тағы бір азамат әйелінің жеке суретін таратқаны үшін бас бостандығынан айырылды
БҚО-да әйел қызғаныштан күйеуінің интимдік суретін WhatsApp мобильді мессенджері арқылы таратып жіберген, деп хабарлайды Halyq Uni.
Орал қалалық сотының үкімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сол сияқты, тағы бір азамат әйелінің жеке суретін таратқаны үшін 3 жылға сотталды.
Үкімдер заңды күшіне енді.
Мәселенің өзектілігін ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды заңды сақтауға және басқа адамдардың құқығы мен қадыр-қасиетін құрметтеуге шақырады, - делінген хабарламада.