Олардан түсетін шағым көбейген
Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті (ТҚҚК) мен оған қарасты өңірлік департаменттер тауар сатып алу немесе қызмет алу барысында құқығы бұзылған қазақстандықтардың құқығын қорғау үшін қажет шараны қабылдап жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Комитет мәліметінше, өңірдегі департаменттер резонансты істерге ерекше назар аударған. Мысалы, биыл 9 айда бір мәселе бойынша құқығы қорғалған тұтынушылардың ісі бойынша 26 материал қаралды. Нәтижесінде 172 тұтынушының құқығы қорғалып, оларға 139 млн теңге қайтарылды.
Өңірдегі сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменттері (CТҚҚД) жыл басынан бері атқарылған жұмысты қорытындылады.
Ақтөбе облысы бойынша CТҚҚД жақсы жұмыс істегені анықталды. Өңірде 2 туристік фирма өз міндетін орындамай салдарынан 34 адам зардап шекті. Өңірдегі басқарма сот процесіне қатысты. Судья алданған туристерге 60,4 млн теңгені қайтаруды міндеттеді.
Ақмола, Жамбыл және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында 64 тұрғын сапасыз массаж қаптамасын сатып алған. Өңірлердегі CТҚҚД тұтынушыларға шағымды рәсімдеуге көмектесті. Осылайша, сатушылар 64,1 млн теңге қайтарды, - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ Түркістан облысы бойынша CТҚҚД-ге оқыту курстары үшін ақша төлеген, бірақ сапалы білім алмаған 6 адам шағымданды. Оларға 3 млн теңге қайтарылды.
Астанада да осындай жағдай тіркелді. Мұнда 28 тұтынушы фитнес орталықта тиісті қызмет ала алмаған. Елордалық басқарма оларға 5,3 млн теңгені қайтаруға көмектесті.
Қарағанды облысында рейс 29 сағатқа кешіккен. Салдарынан 15 адам демалыс күндері уақытын жоғалтып, сатып алған билеттерін пайдалана алмаған. CТҚҚД қызметкерлері тұтынушыларға 1,7 млн теңгені қайтаруға көмектесті, - деп жазылған хабарламада.
Комитет тұтынушылар жалғыз емес екенін, олардың құқығын қорғауға көмектесе алатынын атап өтті.
Биыл 9 айда ТҚҚК және өңірдегі департаменттерге 42 907 өтініш келіп түсті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім – 130,4%. 2023 жылғы 9 айда 32 899 өтініш түскен. Жалпы алғанда бір жылда тұтынушыларға 1 млрд 364 млн теңге қайтарылды (қайтару, айырбастау, ауыстыру). Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 169,8%-ға артық. Былтыр 9 айда тұтынушыларға 804 млн теңге қайтарылды, - деп жазылған хабарламада.