Halyq Uni логотип
×

Ақтөбенің Хромтау ауданы тұрғынының басы мұздатқышта сақталған

Таяуда оның мүрдесі аудан шетіндегі шлам қалдықтарының арасынан табылған болатын

 Халық үні 15.10.2024 | 21:31
Ақтөбенің Хромтау ауданы тұрғынының басы мұздатқышта сақталған
фото: Halyq Uni

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында жантүршігерлік оқиға болды. Полицейлер бір тұрғынның мұздатқышынан адамның басын тауып алды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Анықталғандай, бұл – бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен жігіттің мәйіті. Туыстары іздеу салып, полицияға хабарлаған. Таяуда оның мүрдесі Хромтау ауданының шетіндегі шлам қалдықтарының арасынан табылған болатын. Қылмыскерлер денесін бөлшектеп, жасырған.

Бұл іске күдікті ретінде 2 адам ұсталды.

Хромтау қаласында мәйіттің табылу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу барысында 2 адам анықталып, ұсталды. Қазір сот 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялады. Іс бойынша барлық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр, – деді облыстық ПД тергеу басқармасының бастығы Бауыржан Асау.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама