×

Түркістанда нөмірсіз көліктермен кортеж жасаған жастар жазаланды

Олар полицияға да тоқтамаған

 Халық үні 15.10.2024 | 20:40
фото: видеодан скриншот

Түркістан облысы Жедел басқару орталығының полицейлері түнгі сағат 03:00 шамасында жол ережесін өрескел бұзған 10-ға жуық жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Түркістан қаласының Ж. Майкотов-Алматы көшелерінің қиылысында Lexus РХ330, Huyndai Elentra, Daewoo Nexia, Lada, ВАЗ 2114 көліктерін тізгіндеген 10-ға тарта жүргізушінің көлік нөмірлерін алып тастап, кортеж жасап жүргені анықталды.

Бұл дерек бойынша бірден жақын аумақта жүрген патрульдік полицияға хабар берілген. Оқиға орнына жеткен автоэкипаж жол ережесін бұзған көліктерді тоқтатуға белгі берді. Алайда олар полицияның заңды талабына бағынғысы келмеген. Осы сәтте тағы бір экипаж көмекке барып, жан-жақты жүргізілген шаралар нәтижесінде құқық бұзушылар тоқтатылды.

Тексеру кезінде көліктердің жол ережесін сақтамай, тұрғындардың тыныштығын бұзғаны белгілі болды. Бейнежазба жасау үшін құқық бұзушылыққа барған жас жігіттермен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ автокөліктер айып тұрағына жеткізілді.

Аталған көлік иелеріне бірнеше баппен, яғни мемлекеттік тіркеу белгілері жоқ және қарсы бағытқа шығып көлік басқарғаны бойынша әкімшілік шара қолданылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама