Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысы тұрғынынан 35 келі марихуана тәркіленді

Тағы бір есірткі қылмысы тіркелді

 Қымбат Елтайқызы 15.10.2024 | 17:31
Жамбыл облысы тұрғынынан 35 келі марихуана тәркіленді
фото: polisia.kz

Жамбыл облысының тұрғынынан 35 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, көлік полицейлері есірткі заттарын өткізіп, тасымалдаған Жамбыл облысының тұрғынын қолға түсірді.

4 қазанда көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері «Қарасора – 2024» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Жамбыл облысының «Аспара» станциясы өткелінде 28 жастағы облыс тұрғынын анықтап, құрықтады. Одан салмағы 19 келіден асатын кептірілген марихуана табылып, тәркіленді. Сондай-ақ тексеру барысында ұсталған азаматтың тұрғылықты жерінен салмағы 16 келіден асатын кептірілген марихуана салынған қап алынды. Тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы 35 келіден асты, – делінген ақпаратта.

Қазір бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпаратты жария етуге болмайды.

Көлік полицейлері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Осы жылдың 9 айында 303 есірткі қылмысы анықталды, оның 28-і өткізу болса, 9-ы контрабанда фактісі. Заңсыз айналымнан 167 келі түрлі есірткі заты тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама