Павильлон Jerūiyq деп аталады
60-шы Венеция биенналесіндегі отандық Jerūiyq павильоны халықаралық өнер сыншыларының назарын аударды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, 60-шы Венеция биенналесінде «Jerūiyq көкжиектен тыс көзқарас» қазақстандық павильонына халықаралық сыншылар жағымды пікір білдірді. Көрме ашылғаннан бері мифтік аңыздың заманауи интерпретициясын көрсеткен экспозиция биенналеге қатысушылар мен қонақтар арасында көп талқыланған көрмелердің біріне айналды. Қазақстанның Ұлттық павильоны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен алғаш рет беделді көрмеде ұсынылды. Оның комиссары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
Жерұйық – бүгінге дейін ауыздан-ауызға тарап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен қазақ аңызы бойынша «құтты мекенді» іздеу. Экспозицияда футуристік көкжиектер мен қазіргі порталдан бөлек өлшемге дейінгі қиял әлемі ұсынылған. Қазақ суретшілерінің туындылары тақырыпты бірнеше ұрпақ тұрғысынан көрсету үшін мұқият іріктеліп алынған: ХХ ғасырдың 70-80-90 жылдарында қалай қабылданғаны және оны жаңа медиамен жұмыс істейтін заманауи суретшілер қайтадан бастан кешіргені көрінеді.
Қазақстанға өз өнерін көрсету өте маңызды. Тарих пен қазіргі заманды ұштастыру идеясы мен тұжырымдамасы қызықты және маған ұнады, – деді германиялық арт-сыншы әрі суретші Валерия Абентрот.
Қазақстан павильонын көпшілік жылы қабылдады. Павильонның бірегей тұжырымдамасы мен қазақстандық суретшілер ұрпақтарының байланысы байқалатын ерекше жұмыстары оған сеп болды. Мысалы, өткен онжылдықты бейнелейтін Кәмил Муллашев пен Ерболат Төлепбайдың жұмыстары, Сәкен Нарынов пен Сергей Масловтың заманауи диалогы қазақстандық өнердің модернизмнен жаңа медиаға дейінгі эволюциясын көрсетеді. The2vvo суретшілер тобы «Қатысу» саунд-инсталляциясы мен Анвар Мүсіреповтің «Аластау» бейне эссесі сияқты дәстүрді жаңа медиамен үйлестіретін жұмыстар көпшіліктің назарын аудартты. Бұл биеналленің негізгі тұжырымдамасы көші-қон мәселелері мен мәдени плюрализм тақырыбын көрсетеді.
«Біріншіден, маған қатты әсер еткен нәрсе – сіздер ата-бабаның даңқты дәстүрін жалғастырып, сонымен бірге оны қазіргі заманмен ұштастыра алатындарыңыз. Сіздер соның ортасын таба білдіңіздер. Өткен мен болашақты үйлестіре отырып, алға ұмтылып жатырсыздар. Мұның нәтижесі керемет болады. Бұл үлкен жетістік, өйткені Батысқа жетпейтіні – осы», – деді Египет және Солтүстік Африкадағы итальялық радиотелевизия бюросының жетекшісі Марк Иннаро.
Дәстүрлі қазақ иірімдері мен заманауи көркемдік тәжірибелердің ерекше үйлесімі сыншылардың ғана емес, жалпы жұртшылықтың қызығушылығын тудырды. Павильон жұмыс істеген күндері келушілер саны артты. Жобаны талқылап, пікір білдіргендердің де қарасы көп болды. 24 қарашаға дейін Navale мұражайының тарихи ғимаратында өтіп жатқан 60-шы Венеция өнер биенналесінде қазақстандық павильон жұмыс істейді.