Іс бойынша 10 күдікті бар
Талғар ауданында 4 қазанға қараған түні жасөспірім Шерзат Болат қаза тапты. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленовтың айтуынша, полиция оқиға орнына 8 минутта барған, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Жанжал шамамен 20 минутқа созылған. Бұл уақытта құқық қорғау органдарының мамандары қайда болған?», деп сұрады журналист.
Аленовтің айтуынша, полицияға қоңырау қылмыс жасалғаннан кейін ғана түскен.
Полицияға қылмыс жасалғаннан кейін хабарласқан. Содан кейін 8 минутта полиция оқиға орнына жеткен, - деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.
Айта кетейік, қылмыстық іс бойынша 10 адам күдіктілер қатарына енген. Ал қылмыстық іс кісі өлтіру және бұзақылық бабы бойынша қозғалған. Күдіктілердің арасында бұрын қылмыстық іс бойынша сотталған азаматтар бар.
Оқиға орнынан 3 пышақ, бір мылтық тәркіленді. Олардың кімге тиесілі екені анықталып жатыр. Сондай-ақ прокуратура сот процесін ашық өткізуді сұрайтыны айтылды.