Оқиға орнынан канистер мен резіңке қолғаптар табылған
Талғардағы жасөспірім Шерзат Болаттың қазасына байланысты тергеу қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы Алматы облысының прокуроры Берік Адамов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Тергеу барысында ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ. Сот процесінің ашықтығы жөніндегі мәселе бойынша прокуратураның сотқа өтініш енгізуі қарастырылады. Сондай-ақ марқұмның отбасы тұрған үйдегі өртті зерттеп жатырмыз. Өрт болған жерден маңызды дәлелдер жиналып, 600-ден астам адамнан жауап алынды. Оқиғаның қалай болғанын анықтау үшін бірнеше сараптама тағайындалды», - деді Берік Адамов.
Оның сөзінше, мамандар өртті үйдің сыртында басталғанын, оқыс жағдай болмағанын және от қолданылғанын мәлімдеген.
Оқиға орнынан табылған канистер мен резіңке қолғаптарға зерттеу жүргізіліп жатыр, - деді прокурор.