Halyq Uni логотип
×

Талғардағы жасөспірім қазасы: ІІМ оқиғаның толық видеосын жариялады

Қайғылы жағдай 4 қазанға қараған түні болған

 Халық үні 15.10.2024 | 12:54
Талғардағы жасөспірім қазасы: ІІМ оқиғаның толық видеосын жариялады
Фото: Halyq Uni

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов Талғар ауданындағы жағдайға байланысты әлеуметтік желіде түрлі ақпарат тарап жатқанын айтып, 4 қазанға қараған түні болған оқиғаның толық видеосын жариялау туралы шешім қабылданғанын жеткізді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Тергеу заңға сәйкес жүргізіледі. Оқиға орнында түсірілген видеоны жариялаймыз, - деді Аленов.

 «Қамажай» дүкені ішінде екі камера, сыртында бір камера қойылған.

Дүкенде болған қыздар туралы әңгіме болып жатыр. Олар бір жігітті төбелеске жібермей ұстап отыр. Қыздар ажыратуға тырысқан. (..) Екі қыз қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылмаған, - дейді ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Самат Аисов.

Осылайша полиция дүкенде түсірілген толық видео қылмыстық іс материалдарына қосылғанын, ешқандай монтаж жасалмағанын айтты. Сондай-ақ видеода сыра мен темекі сатып алынған сәт, оның ақысын төлегені де көрсетілген. Полиция жанжал сыраның ақысын төлемегеннен туындаған деген болжамды жоққа шығарды.

Марқұм Шерзаттың әкесінің қолында бір зат бар. Оны дүкен ішінен алып шыққан. Қандай зат екенін анықтау үшін сараптама тағайындалды, – дейді Аисов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама