Halyq Uni логотип
×

Солтүстік Қазақстанда бірнеше есірткі қылмысы анықталды

Оқиғалардың мән-жайы белгілі болды

 Қымбат Елтайқызы 15.10.2024 | 11:20
Солтүстік Қазақстанда бірнеше есірткі қылмысы анықталды
фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында ювеналды полиция инспекторы екі есірткі қылмысын анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, Мамлют ауданының полиция бөлімінде қысқа мерзім ішінде екі есірткі қылмысының бетін ашқан ювеналды полицейдің қызметі туралы айтылды.

Тамызда «Тұрмыс. Қадағалау. Алкоголь» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға учаскелік инспектор Нұрлыбек Оспанов тексеруге келген үйлердің бірінде марихуананың иісін және осы үйде тұрып 42 жастағы азаматтың есірткіні пайдаланғаны айқын көрінетін белгілерді байқаған. Медициналық куәландыру ер адамның есірткілік мас күйде болғанын көрсетті. Анықталғандай, ол марихуананы үйге жапсарлас салынған бөлмеде сақтаған. Тәркіленген заттың салмағы – 143 грамм, – делінген ақпаратта.

Ал тамыздың соңында ауданда тұратын әйелдердің бірі Оспановқа жүгініп, өзімен бірге тұрып жатқан ер адамның оғаш қылықтары жайлы жеткізген. Бұдан қорыққан 5 пен 15 жастағы балалар моншада жасырынған, әйелін үйіне кіргізгісі келмеген. Полицейлер есірткілік мас күйдің белгілері анық көрініп тұрған ер адамды тыныштандырды. Нұрлыбек қора-қопсыны тексеру кезінде марихуананы шегуге арналған қолдан жасалған құрылғыны тапты. Бұдан бөлек, учаскелік инспектордың көзіне ойыншық көлік түскен. Үй иесі оның ішіне шамамен 6 грамм марихуана жасырып қойған екен.

«Қазіргі уақытта мамлюттік екі тұрғынды де есірткі сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша тергеу жүріп жатыр. Қызметкерлер күдіктілердің отбасыларындағы жағдайды бақылауда ұстап отыр», – деп нақтылады аудандық ПБ бастығы Петр Климов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама