Салдарынан 5 адам зардап шекті
Елордалық құтқарушылар жатақханадағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Байқоңыр ауданы Тараз көшесінде орналасқан жатақханалардың бірінде бөлмелер мен ғимараттың шатыры жанған.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел барып, шатыр мен 3-ші және 4-қабаттағы бөлмелер жанып жатқанын анықтады.
Өрт сөндірушілер үш иінді баспалдақтың көмегімен 3-қабаттан 6 адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтер бойынша түтіннен уланған 5 адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Өртті сөндіру жұмыстарын ғимараттың айналасындағы жолдарда автокөліктердің тұруы қиындатты. Өрт 850 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр.