Қыздың денесінде көптеген жыртылған жара болған
Оралда бір топ итке таланған 5 жасар бүлдіршін ауыр жарақат алып, жан сақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Halyq Uni Мой город порталына сілтеме жасап.
Иттер 5 жасар қызды балалар алаңында талаған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қыздың денесінде көптеген жыртылған жара болған. Ол Бөрілі аудандық ауруханасына жеткізілді.
Келген сәтте баланың травматикалық шок белгілерін ескере отырып, оны жедел түрде жансақтау бөліміне жатқыздық. Ауырсынуды басатын терапия, жараларды алғашқы хирургиялық өңдеу және шұғыл сіреспеге қарсы екпе жасалды. Кейін оны хирургия бөліміне ауыстырдық, - деп хабарлады аурухана мамандары.
Қазір баланың жағдайы тұрақталған.