Halyq Uni логотип
×

Шымкентте мас тұрғын жасөспірімнің жүрек тұсына пышақ сілтеген

Содан кейін пышақты мойын тұсына сілтемек болғанда, сол маңдағы адамдар арашалап қалған

 Халық үні 14.10.2024 | 19:55
Шымкентте мас тұрғын жасөспірімнің жүрек тұсына пышақ сілтеген
фото: Halyq Uni

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған баланы өлтіруге оқталу бабымен қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сотта биыл 29 маусымда сотталушының масаң күйде болып, өзара бас араздық салдарынан 2010 жылы туған жәбірленушінің жүрек тұсына пышақ сұғып, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені анықталды. Содан кейін ол баланың мойын тұсына екінші рет пышақ сілтемек болғанда, сол маңдағы адамдар кедергі келтірген.

Сотта прокурор сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды талап етті. Ал кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілі сотталушыны кешіріп, жазаны жеңілдетуді сұрады.

Сотталушының жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде жасаған қылмысына өкінуі, асырауында жасөспірім балаларының болуы, жәбірленушінің кешірім бергені, моральдық және материалды зиянды өтеуі танылған. Ал ауырлататын мән-жай ретінде қылмысты алкогольді масаң күйде жасағаны танылған, - делінген сот хабарламасында.

Сот сотталушыны ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 14-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама