×

Қостанай әкімі не үшін 23 млн теңгеге көлік сатып алынатынын айтты

Жүндібаев қалада жаяу жүре алмайтынын айтты

 Халық үні 14.10.2024 | 17:56
Фото: Наша газета / Георгий ГОВОРОВ

Қостанай әкімі Марат Жүндібаев 23 млн теңгеге көлік сатып алуға қатысты жағдайды түсіндірді. Қала әкімі жергілікті «Наша газета» басылымына берген жауабында 2010 жылы шыққан Lexus LX570 автокөлігі тозғаны айтылған.

Автокөлік жеке мен үшін сатып алынбайды, ол қала әкімі аппаратына алынады. 2010 жылы шыққан Lexus LX570 алмастырғалы жатырмыз. Ол көлікті жөндеуге қаражат көп кетеді. Аппарат бюджеті аса көп емес, жылына 5 млн теңге жұмсауды көп деп санаймын, - дейді Марат Жүндібаев.

Әкімнің айтуынша, автокөлікті сатып алуға конкурс өткізілген. Жаңа Kia Sorento сатып аулға 23 млн теңге жұмсалады.

Иә, ол көлікпен қатынайтын боламын, себебі басқа көлік жоқ. Қалада жаяу жүре алмаймын. Ол көлікті мен ғана емес, әкім аппаратындағы басқа да қызметкерлер қолдануы мүмкін, - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама