Жыл басынан бері 30 адам жауапқа тартылды
Жамбыл облысында алимент бойынша борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Тараз қаласының прокуратурасы талдау аясында 2019 жылдан бері дәлелді себептерсіз 4 млн теңгеден астам алимент берешегін төлемеген борышкерді анықтады. Сот шешімінің тиісінше орындамағаны үшін борышкер бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
2024 жылы 9 қыркүйекте осы факті бойынша қала прокуратурасы ҚК-нің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, – делінген прокуратура хабарламасында.
Жыл басынан бері қала прокуратурасы 30 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартып, 41 млн теңге көлемінде алимент берешегін өндірді.
Прокуратура алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге ҚК-нің 139-бабына сәйкес 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.