Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында мыңға жуық шетелдік елден шығарылды

Өңірде заңсыз көші-қонмен күрес жіргізіліп жатыр

 Динара Амантай 14.10.2024 | 12:27
Түркістан облысында мыңға жуық шетелдік елден шығарылды
Фото: polisia.kz

Биыл Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 4,7 мыңнан астам шетелдік анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Полиция басқармасының мәліметінше, көші-қон қызметінің қызметкерлері осы жылдың 9 айында заңнаманы бұзған 4781 шетелдікті анықтаған. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары көші-қон саласындағы заңбұзушылықтарды анықтау мақсатында шетелдік азаматтардың тұрғылықты жерін, құрылыс объектілері мен базарларды, шетелдіктердің жалдамалы еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілерді тексерді.

Сот шешімімен 973 шетелдік азамат елден шығарылып, қоғамдық орындарда қайыр сұраған 15 құқықбұзушы жауапқа тартылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған қазақстандық 161 азамат пен көші-қон саласындағы ҚР заңнамасын бұзған 860 адамға шара қолданылды, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, Түркістан облысының полицейлері құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасында заңсыз жүрген адамдарды анықтауға, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналары мен көші-қон заңнамасын бұзушылардың жолын кесуге бағытталған профилактикалық және басқа да іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама