Ұлттық ұлан сарбаздары Талғар ауданына жіберілді
Тұрғындарға әскерилер атқаратын іс-шараларға түсінікпен қарау ескертілді
Алматы облысы Талғар ауданына Ұлттық ұлан сарбаздары жіберілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Талғар ауданына қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қадағалау үшін ІІМ Ұлттық ұланының жауынгерлері қызмет атқарып жатыр. Азаматтардан әскерилер атқаратын іс-шараларға түсінікпен қарауды сұраймыз, – делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, 4 қазанға қараған түні Алматы облысы Талғар ауданында 16 жастағы Шерзат Болат кісі қолынан қаза тапқан болатын. Сол жағдайдан кейін жасөспірімді өлтірді деген күдікпен 7 адам ұсталды. Ал, 12 қазанға қараған түні қайтыс болған баланың үйі өртеніп, полиция бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. ТЖМ өз кезегінде кісі қолынан қаза болған жеткіншектің үйі қалай өртенгенін түсіндіріп, мәлімдеме жасады. Сондай-ақ ІІМ тергеу барысы жайлы айтты.