Halyq Uni логотип
×

Семейде қоқыс жәшігіне салып, өртеп кеткен нәресте ауруханада көз жұмды

Оның дүниеге келгеніне шамамен небәрі 1 күн болған

 Халық үні 13.10.2024 | 21:15
Семейде қоқыс жәшігіне салып, өртеп кеткен нәресте ауруханада көз жұмды
фото: steamcommunity.com

Семейде шағын аудандардың бірінде бүгін сағат 12:00 шамасында жанып жатқан қоқыс жәшігінен нәресте табылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұл туралы ақпарат Instagram-дағы oo_osa_semey__vko парашасына жарияланды. Ондағы мәліметке сүйенсек, шақалақ шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.

Алайда одан кейін балалар омбудсмені Динара Зәкиева нәрестенің жансақтау бөлімінде көз жұмғанын мәлім етті.

Қыз бала сағат 19:40-та қайтыс болды. Оның денесінің 80 пайызын күйік шалған. Бала құқығы жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі және облыс прокуратурасымен байланыста отырмын, - деп жазды Динара Зәкиева өзінің Instagram-дағы парақшасына.

Бұл ретте нәрестенің дүниеге келгеніне шамамен небәрі 1 күн болған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама