Қарағандыда жаяу жүргіншіні автобус қағып өлтірді
Көктайғақ салдарынан өңірде 22 жол-көлік оқиғасы болған
Қарағанды қаласының полиция департаменті көктайғақ салдарынан автобустың жаяу жүргіншіні қағып өлтіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
12 қазанда сағат 19:00 шамасында Липецк көшесінде 53 жастағы маршруттық автобус жүргізушісі көктайғақ жағдайында 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шегуші дереу ауруханаға жеткізілді. Бірақ дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ол алған жарақаттарынан көз жұмды, – делінген хабарламада.
Ведомство мәліметтері бойынша, күннің күрт сууы және көктайғақ салдарынан өңірде 22 жол-көлік оқиғасы болған.
Шахтинск және Теміртауда да жол-көлік апаттары болып, соның салдарынан 2 адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.