Зардап шекеннің екеуі – 13 және 16 жаста
Таразда 20 адамнан тұратын бір топ жігіт көшеде кетіп бара жатқан 3 адамды ұрып-соққан, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұл туралы ақпарат Instagram-дағы taraz_v_obektive парақшасына жарияланды. Жанжал 5 қазанда кешке Арай массивіндегі ойын алаңында болған.
Бұзақылар 16-18 жас аралығында болған және олардың спортшылар екені анықталды. Ал зардап шекеннің екеуі – 13 және 16 жаста.
Арай, 1 үйінің артында балалар алаңында 20 жігіт 3 кездейсоқ адамға шабуыл жасады. Егер мүмкін болса, видео немесе куәгерлердің пікірін күтеміз. Сіздің әрбір пікіріңіз біз үшін маңызды, - деп жазды куәгер әйел.
Жамбыл облысының полициясы топтық ұрып-соғу фактісін растады. Тергеу мүддесіне сәйкес, оқиғаның егжей-тегжейі жарияланған жоқ.
Топпен жасалған бұзақылық фактісі бойынша алдын ала тергеу басталды. Оған қатысушылар анықталды. Қажетті тергеу-оперативтік шаралары жүргізіліліп жатыр, - деп хабарлады ведомство.