Қазгидромет ертеңгі ауа райы болжамын жариялады

Қымбат Елтайқызы

Санаулы күн бұрын ауа райы күрт бұзылды

фото: Halyq Uni

Синоптиктер ертеңгі ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қостанай облысы

Облыстың оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, аймақтың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысы

Өңірдің солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, аймақтың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда түнде және таңертен тұман түседі.

Абай облысы

Түнде өңірдің батысында, солтүстігінде қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең аймақтың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде аймақтың солтүстігінде, шығысында қар, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ. Түнде және таңертең аймақтың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Өңірдің солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі болады. Оралда да төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы

Аймақ орталығында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, өңірдің батысында жоғары өрт қаупі болады.

Түркістан облысы

Облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, аймақтың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тауда тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады. Шымкентте кей уақыттарда найзағай соғады.

Жамбыл облысы

Күндіз аймақтың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Өңірдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай соғады. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, аймақтың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз өңірдің таулы аудандарында 25 м/с жетеді. Таразда күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта найзағай соғады.

Алматы облысы

Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 18-23 м/с. Қонаевта солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 18 м/с.

Атырау облысы

Аймақтың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі болады.

Ақтөбе облысы

Өңірдің шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары, батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында жоғары өрт қаупі болады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Аймақта солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Астана

Жолдарда көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысы

Жолдарда көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, аймақтың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.