×

Сотталушы түрмедегі суретін мұражайға тапсырды

Ол картинаны Алматының музейіне сыйға тартты

 Дастан Жұмабекұлы 13.06.2022 | 14:05
фото: polisia.kz

Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/12 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Олжас Қалиақбаров есімді азамат Алматы қаласының музейіне өз қолымен салған суретін сыйға тартты.

ЛА-155\12 мекемесінің тәрбие бөлімінің бастығы Ернар Оразбаевтың айтуынша, сотталған азаматтардың көркем қолөнермен айналысуға деген ынтасын ынталандыру өте маңызды. Қазір мекемеде жазасын өтеп жатқан адамдарға шығармашылық жұмыспен айналысуға мүмкіндік берілген.

«Менің әріптестерім сотталған адамның көңілі мекеме әкімшілігіне байланысты екенін жақсы біледі. Сол себептен, біз бас бостандығынан айрылған азаматтарға барынша көмектесіп, кеңес беріп, лайықты іспен айналысуға қолдау көрсетіп келеміз. Бұл - мекеме қызметкерлерінің негізгі міндеттерінің бірі, – деді тәрбие бөлімінің бастығы Ернар Оразбаев.

Олжас Қалиақбаров суретті «Саяхатшы» деп атап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама