Елорданың коммуналдық қызметтері қаланы мұздан тазартты

Қымбат Елтайқызы

Кеше ауа райы күрт бұзылып, жолдарда көктайғақ болды

фото: Астана әкімдігі

Астанада қар жауып, коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ауа райының қолайсыздығына, температураның өзгеруіне және қатты жауын-шашынға байланысты көшеде көктайғақ пайда болады. Қала тұрғындарының ыңғайлы жүріп-тұруы үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз әрі басқа да реагенттер себіледі, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.

Елорданың бес ауданы аумағында мұздан тазартуды 600-ге жуық арнайы техника мен 2000 жол жұмысшысы орындайды. Коммуналдық қызмет толықтай дайын және қала аумағын жедел жинау үшін қажетті жабдықтармен әрі материалдармен қамтамасыз етілген. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі жиі қатынайтын көшелер, аялдамалар және тротуарлар тазаланады, – деп қосты ведомство,

Астана тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, абай болуы керек. Қазгидромет мәліметінше, 13 қазанда түнде әрі таңертең 15-20 м/с екпінмен қарлы боран соғып, көктайғақ болады және солтүстік-шығыстан жел күтіледі.

Елорда-Көкшетау тас жолынан 600 жолаушы пойызбен эвакуацияланады. ІІМ көлік жүргізушілеріне ескерту жасады.