Halyq Uni логотип
×

Астана-Көкшетау тас жолынан 600 жолаушы пойызбен эвакуацияланады

Бұл тас жолдың жабылуына байланысты қабылданған шешім

 Қымбат Елтайқызы 12.10.2024 | 16:11
Астана-Көкшетау тас жолынан 600 жолаушы пойызбен эвакуацияланады
фото: Жолаушылар тасымалы

Ұлттық тасымалдаушы Астана-Көкшетау тас жолының жабылуына байланысты 600 жолаушыны пойызбен эвакуациялайды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ауа райының қолайсыздығы және Астана-Көкшетау тас жолының жабылуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдап жатыр. 2024 жылғы 12 қазанда «Астана-Көкшетау-Астана» бағыты бойынша жүретін №327/328 және №623/624 пойыздарына 13 қосымша вагон қосылды. Бұл шаралар шамамен 600 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді, – деп мәлімдеді «Жолаушылар тасымалы» АҚ.

Ұлттық тасымалдаушы қолайсыз ауа райы кезінде жолаушылар тасымалын қатаң бақылауда ұстайды. Қазіргі таңда Ұлттық тасымалдаушының қызметкерлері пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етіп жатыр.

Кешеден бері еліміздің бірқатар өңірінде күн күрт суытып, жел күшейіп, қар мен жаңбыр жауды. Салдарынан көктайғақ болып, бірнеше тас жолы жабылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама