Halyq Uni логотип
×

Экс-судья Светлана Жолманова екі айға қамалды

Жолманова судья қызметінен 2022 жылы босатылды

 Халық үні 11.10.2024 | 15:31
Экс-судья Светлана Жолманова екі айға қамалды
Фото: Halyq Uni

Алматыда экс-судья Светлана Жолманова сот санкциясымен екі айға қамалды. Бұл туралы адвокаты Мұрат Адам әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Алматының тергеу соты экс-судья Светлана Жолманованы екі айға қамауда ұстау түрінде шешім шығарды, - деп жазды адвокат.

Айта кетейік, 9 қазанда Светлана Жолманова алаяқтық жасады деген күдік бойынша ұсталды.

Медеу аудандық полиция басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті полицияға жеткізілді, – деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

2022 жылы Жоғары сот кеңесі Алматы Медеу ауданы сотының судьясы Светлана Жолманованы қызметтен босату туралы шешім қабылдады. 

2021 жылдың көктемінде әлеуметтік желіде судья Жолманованың кабинеті, үйі және көлігінен ірі мөлшерде ақша табылғаны туралы ақпарат тарады. Алайда кейіннен Алматы соты бұл ақпаратты жоққа шығарып, судьядан 10 мың доллар табылғанын мәлімдеді.

Алматы қаласы Медеу ауданының судьясы Светлана Жолманованың кабинетінен 4 500$, үйінен 2 800 000$, көлігінен 600 000$ табылды және құрылыс жүргізушіден 1 180 000$ алды деген әлеуметтік желідегі ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Содан кейін судья Жолманованың өкілеті сол кездегі Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов өкімімен тоқтатылғаны айтылды.

Ал Светлана Жолманова тәркіленген 10 мың доллар өзінің ақшасы екенін, пәтер сатып алмақ болғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама