×

Қостанайда адам қағып өлтірген әкімдіктің жүргізушісі екі жылға сотталды

13 маусымда Данияр Ибрашевқа қатысты сот үкімі шықты

 Қымбат Елтайқызы 13.06.2022 | 13:08
фото: kstnews.kz

Қостанай әкімдігінің бұрынғы көлік жүргізушісі Данияр Ибрашев 15 қаңтарда Маяковский-V көшелерінің қиылысында 52 жастағы жаяу жүргінші – «Жемчужина» жеке емханасының дәрігері Елена Сухареваны қағып кетіп, әйел кейіннен ауруханада қайтыс болды. Данияр 7 маусымда болған сотта кінәсін мойындады.

13 маусымда Данияр Ибрашевқа қатысты сот үкімі шықты. 25 жастағы Данияр кінәсін толық мойындап, өкініп, сотта кешірім сұрауын тоқтатпады. Жәбірленуші - марқұмның ұлы Алексей Сухарев кінәліні бас бостандығынан айыру жазасын талап етпеген.

Сот үкімімен Данияр Ибрашев екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылып, бес жыл мерзімге көлік айдау құқығынан айырылды. Айтпақшы, жол апаты кезінде Ибрашев әкім аппаратының басшысы Вера Клочконың жүргізушісі болған. Қазір Данияр кәсіпорындардың бірінде экспедитор болып жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама