Halyq Uni логотип
×

Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру талабы күшейеді

Бүгін жаңа бастама Астанада енгізілді

 Дәурен Ерболат 11.10.2024 | 09:41
Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру талабы күшейеді
Фото: Halyq Uni

Елімізде жүргізуші куәлігіне теориялық емтихан тапсыратын қазақстандықтар 2 факторлы аутентификациядан өтеді, деп хабарлады Halyq Uni.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, екі факторлы аутентификация дегеніміз қолданушының 2 түрлі әдіспен өзін-өзі растауы:

  1. SMS хабарлама;
  2. Биометриялық сәйкестендіру арқылы.

Тестен өтпес бұрын жүргізуші куәлігіне үміткерге 1414 нөмірінен жеке деректерге қатысты сұрау салу туралы хабарлама келеді. SMS қолданушының электронды үкімет порталының жеке кабинетіне тіркелген телефон нөміріне жіберіледі, - деп жазылған хабарламада.

Авторизация сәтті болса, қызмет алушы биометриялық сәйкестендіруден өтеді.

Бүгіннен бастап жаңа бастама елордада енгізілді. Жыл соңына дейін бастама қалған өңірлерде де енгізіледі деп жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама