Сарапшы Түркия сөзі де, Түркістан сөзі де түркілер тұратын аймақты білдіретініне назар аударған
Түркияның білім министрлігі оқу бағдарламасына өзгеріс енгізіп жатыр. Соған сәйкес, «Орталық Азия» термині «Түркістан» деп өзгертіледі. Бұл туралы TRT хабарлады.
Түркияның ұлттық білім министрлігі тарих бойынша оқу бағдарламасына түбегейлі өзгеріс енгізілгенін хабарлады. Соған сәйкес, «Орталық Азия» термині «Түркістан» деп өзгереді. Сарапшылар бұл шешім болашақ ұрпақ арасында ұлттық сана мен патриотизмді нығайтуға бағытталғанын айтады, - деп жазды басылым.
Білім министрлігінің шешімін түсірдірген түркиялық сарапшы Рамин Садык Түркия сөзі де, Түркістан сөзі де түркілер тұратын аймақты білдіретініне назар аударған.
Сарапшы түркі әлемі үшін ортақ тарих, география, әдебиет, карта мен әліпби құру жөніндегі белсенді қадамдар кезеңінде ұлттық білім министрлігінің «Түркістан» терминін оқулықтарға, оның ішінде балаларға енгізу туралы шешімді елеулі өзгеріс деп атады, - деп жазды TRT.