Halyq Uni логотип
×

Батыс Украинаға ядролық қару беруді ойластырып жатыр

Ресей Будапешт меморандумындағы міндеттемесін бұзып отыр

 Дастан Жұмабекұлы 13.06.2022 | 12:06
Батыс Украинаға ядролық қару беруді ойластырып жатыр
фото: iz.ru

Еуропарламент депутаты Радослав Сикорски Батыстың өзін өзі қорғауы үшін Украинаға ядролық қару бере алатынын мәлімдеді. Бұл туралы «Московский комсомолец» хабарлады.

Польшаның бұрынғы Сыртқы істер министрі, қазіргі Еуропарламент депутаты Радослав Сикроски мұның Украинаның өз тәуелсіздігін қорғап қалуы үшін керек екеніне айтты. Ол Украина өз қауіпсіздігіне кепіл берілгеннен кейін ядролық қарудан бас тартатыны жөнінде қол қойған Будапешт меморандумының ережесіне сілтеме жасады.

Оның айтуынша, Ресей осы құжаттағы өз міндеттемесін бұзып отыр.

Украина 1994 жылы Будапешт меморандумына қол қойғаннан кейін өзінің ядролық әлеуетінен түгел бас тартты. Қазір ресейліктер мен тағы біреулер онда ешқандай кепіл берілмегенін, бірақ мұның орнына Украинаның КСРО кезінде белгіленген шекарасы аумағында тәуелсіз ел болатыны айтылған деп түсіндіреді, – деді Сикорски.

Одан әрі ол Ресей Будапешт меморандумын бұзғандықтан, Батыстың Украинаға ядролық оқтұмсықтар беруге құқығы бар екенін ескертті. Ол Украинаның осылайша өзінің тәуелсіздігін қорғап қала алатынын атап өтті.

Украина президенті Владимир Зеленский 19 ақпанда Мюнхен қауіпсіздік кеңесінде сөйлеген сөзінде Украинаның ядросыз мемлекет болу статусынан бас тартпауы үшін Будапешт меморандумы шеңберінде кеңесу керектігін мәлімдеген болатын. Осыған байланысты 27 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин қарулы күштерді қатаң режимге ауыстыру туралы бұйрық берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама