Жалпы, көші-қон заңнамасын бұзудың 400 фактісі тіркелді
Астананың тәртіп сақшылары «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезеңінде көші-қон заңнамасын бұзудың 400-ден астам фактісін анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Әкімшілік сот шешімімен 70-тен астам шетелдік азамат Қазақстаннан шығарылды.
Мәселен, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері 33 жастағы шетелдік азаматты анықтады. Ол 2021 жылы Алматы қаласы әкімшілік сотының шешімімен ҚР шегінен шығарылған, алайда қазіргі уақытқа дейін елден кетпеген және Қазақстанда заңсыз болған, – делінген ақпаратта.
Мигрант ел шегінен мәжбүрлеп шығарып жіберілді. Сақшылар шетелдікті әуе рейсімен Үрімжі қаласына жіберді.