Halyq Uni логотип
×

Елордада көші-қон заңнамасын бұзған 70 шетелдік елден шығарылды

Жалпы, көші-қон заңнамасын бұзудың 400 фактісі тіркелді

 Қымбат Елтайқызы 10.10.2024 | 15:20
Елордада көші-қон заңнамасын бұзған 70 шетелдік елден шығарылды
фото: polisia.kz

Астананың тәртіп сақшылары «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезеңінде көші-қон заңнамасын бұзудың 400-ден астам фактісін анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Әкімшілік сот шешімімен 70-тен астам шетелдік азамат Қазақстаннан шығарылды. 

Мәселен, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері 33 жастағы шетелдік азаматты анықтады. Ол 2021 жылы Алматы қаласы әкімшілік сотының шешімімен ҚР шегінен шығарылған, алайда қазіргі уақытқа дейін елден кетпеген және Қазақстанда заңсыз болған, – делінген ақпаратта.

Мигрант ел шегінен мәжбүрлеп шығарып жіберілді. Сақшылар шетелдікті әуе рейсімен Үрімжі қаласына жіберді.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама