Ол әскери бөлімде «КамАЗ» жүк көлігін жөндеп жатқан
Павлодарда аға сержант Айбек Тұрсымбаевтың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Бүгінде Павлодардағы №5512 әскери бөлімінде келісімшартпен қызмет атқарған 32 жастағы әскери қызметші Айбек Тұрсымбаевтың өліміне қатысты құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оның нәтижесі қосымша хабарланады, - деп жазылған Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетсек, бұған дейін Павлодарда әскери қызметшінің қайтыс болғаны хабарланған болатын.