×

Павлодардағы әскери қызметшінің өлімі: сотқа дейінгі тергеу басталды

Ол әскери бөлімде «КамАЗ» жүк көлігін жөндеп жатқан

 Дәурен Ерболат 13.06.2022 | 12:05
Фото: aif.by

Павлодарда аға сержант Айбек Тұрсымбаевтың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Бүгінде Павлодардағы №5512 әскери бөлімінде келісімшартпен қызмет атқарған 32 жастағы әскери қызметші Айбек Тұрсымбаевтың өліміне қатысты құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оның нәтижесі қосымша хабарланады, - деп жазылған  Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін Павлодарда әскери қызметшінің қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама