Павлодардағы әскери қызметшінің өлімі: сотқа дейінгі тергеу басталды
Ол әскери бөлімде «КамАЗ» жүк көлігін жөндеп жатқан
Павлодарда аға сержант Айбек Тұрсымбаевтың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Бүгінде Павлодардағы №5512 әскери бөлімінде келісімшартпен қызмет атқарған 32 жастағы әскери қызметші Айбек Тұрсымбаевтың өліміне қатысты құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оның нәтижесі қосымша хабарланады, - деп жазылған Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетсек, бұған дейін Павлодарда әскери қызметшінің қайтыс болғаны хабарланған болатын.