Halyq Uni логотип
×

Сот отырысы ашық өтуі керек – сенатор Талғардағы жасөспірім өлімі туралы

Шерзат Болат 4 қазанға қараған түні қайтыс болды

 Дәурен Ерболат 10.10.2024 | 11:32
Сот отырысы ашық өтуі керек – сенатор Талғардағы жасөспірім өлімі туралы
Фото: Halyq Uni

Сенатор Марат Қожаев Талғарда 16 жастағы баланы өлтірді деп күдікке ілінгендерді ашық түрде соттау керегін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қазір бұл істі Ішкі істер министрі мен прокуратура бақылауына алды. Менің ойымша, іс заң аясында объективті түрде тергеледі. Қоғамдағы осындай мәселені ашық түрде талқылау керек деген ойдамын, - деді Марат Қожаев Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Сондай-ақ депутатқа «Талғардағы қайғылы оқиғадан соң елімізде заңды күшейту керек пе?» деген сұрақ қойылды. Ол мәселені мұндай әдіспен шешуге болмайтынын жеткізді.

Қазақстан заңдары қатал болып саналады. Менің ойымша, қоғамдағы қатыгездік немесе зорлық-зомбылық мәселесін заңнаманы күшейту арқылы шешу нәтиже бермейді. Ашығын айтсақ, бұл – әлеуметтік кешенді мәселе. Мысалы, тәрбие, білімнен бастап, адамның қай ортада тәрбиеленетініне, бойына қандай құндылықтарды сіңіретіне байланысты.

Біздің елмен салыстырғанда басқа қатал заңдар бар. Мысалы, жанымыздағы көрші Қытайды алайық. Онда кейбір қылмыстар үшін адамдар ату жазасына кешіледі. Осыған қарамастан онда қылмыстар тіркеледі», - деді Марат Қожаев.

Айта кетейік, 4 қазанға қараған түні Алматы облысы Талғар ауданында 16 жастағы Шерзат Болат қаза тапты. Сол жағдайдан кейін жасөспірімді өлтірді деген күдікпен 7 адам ұсталды

Барлық кінәлі адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынып, арнайы жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Барлық жиналған дәлел, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар зерделенуде. Қазір 7 адамның қылмыс жасауға қатысы бары анықталды, - деді Алматы облысы полиция бастығының міндетін атқарушы Серік Шалқаров.

Содан кейін Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысы бар күдіктілер заң алдында жауап беру керегін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама