Осы уақытта 3 294 қылмыс жасалып, оның 2 044-і тәулік ішінде ашылды
Апта ішінде республика аумағында 3,3 мыңға жуық қылмыс жасалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі ведомствоның баспасөз алаңында өткен брифингте айтты.
Бір апта ішінде 3 294 қылмыс жасалып, оның 2 044-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 5 кісі өлтіруді, 10 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 45 тонау және 500 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты, – деді Шұғыла Тұрлыбек.
Сонымен қатар ол Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері қызметтік формасын жай киімге ауыстырып, елордалық балалар ауылының аумағында ауқымды сенбілік өткізгенін атап өтті. Іс-шара ел Президенті жариялаған «Балалар жылы» және «30 игі іс» акциясы аясында ұйымдастырылды.
Айта кету керек, ведомствоның жеке құрамы жетім балаларға, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға үнемі қолдау көрсетіп отырады. Тәртіп сақшылары балалар үйінің бүкіл аумағын қоқыстан, жапырақтардан және құрғақ шөптен тазартып, бұталарды кесті. Полицейлер ұжымдық жұмыс кезінде қоршаған ортаға ұқыпты және жауапты қарым-қатынастың қалыптасатынын көрсетті, – деді ІІМ өкілі.
Оның айтуынша, балалар ауылы Алматы, Нұр-Сұлтан және Теміртауда жұмыс істейді. Елордада бұл ауыл 2000 жылы ашылды. Қазір мұнда 78 бала тұрады