Halyq Uni логотип
×

Ақтөбеде 14 жастағы қызды ағалары бірнеше жыл зорлап келген

1998 жылы және 2004 жылы туған жігіттер үйқамаққа алынды

 Халық үні 10.10.2024 | 07:29
Ақтөбеде 14 жастағы қызды ағалары бірнеше жыл зорлап келген
фото: Halyq Uni

Ақтөбеде 14 жастағы қыздың анасы қоғам белсенділеріне оны туыстарының қорлағанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

23 қыркүйекте келіні ұйықтар алдында қызды құшақтап, не болғанын айтып беруін өтінеді. Сол кезде жасөспірім бәрін жайып салған. 1998 жылы және 2004 жылы туған туыс ағалары қызды 8 жасынан бастап зорлаған. Ешкім болмаған кезде гараж бен үйде білгендерін істеген. Осы оқиғаны естігеннен кейін келесі күні қыздың анасы полицияға арыз жазып, 4 баласымен ол үйден шығып кеткен.

Бопсалау және зорлық-зомбылық әрекеттері туралы арыз тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс бойынша екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сот олардың соттылығының жоқтығын, кәмелетке толмаған балаларының болуын ескере отырып, үйқамаққа алу туралы шешім шығарды. Тұрғылықты жері бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды, – деп түсіндірді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қылмыстық істі тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама