22 мың оқушыға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина салынды

Халық үні

Вакцинациялау қыркүйектің ортасында басталды

Фото: Halyq Uni

Елімізде адам папилломасы вирусына қарсы вакцина салу басталғалы 22 мың оқушы қызға екпе егілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қыркүйекте жатыр мойны обырының алдын алуға бағытталған адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы қыздарды вакцинациялау басталды.

Қаулыға сәйкес, 11 жастағы қыздарға вакцина салынады, 12 жастан 13 жасқа дейінгі қыздарға иммундау жүргізіледі.

Қазір республика бойынша АПВ-ға қарсы 22,2 мың оқушыға вакцина салынды. Оның ішінде 14 мың бала – 11 жаста, 12-13 жастағы 8,2 мың бала бар, - делінген ақпаратта.

Денсаулық сақтау министрлігі хабарлауынша, елімізде күн сайын екі әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады