Қаңтар оқиғасы: ауыр жараланған әскери қызметшілерге 3 млн теңгеден берілді
Төлем ресми тізім бойынша жүргізілген
Биыл қаңтар оқиғасы кезінде жараланған әскери қызметшілерге 3 миллион теңгеден берілді, деп хабарлайды «Қазақстан халқына» қоры.
Қор Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ауыр жарақат алған 5 қызметкеріне және Қорғаныс министрлігі мен Республикалық ұланның әскери қызметшілеріне әрқайсысына 3 миллион теңгеден төлем жүргізді. Төлемдер жоғарыда аталған мемлекеттік органдардан алынған ресми тізімдер негізінде жүзеге асырылады, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін «Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғасында көз жұмған 19 адамның отбасы мүшелеріне 7 миллионнан аса теңге бөлген. Сондай-ақ жоғарыда аталған органдардың ауыр жарақат алған 106 қызметкеріне 3 миллион теңгеден берілген.
Ресми дерек бойынша қаңтар оқиғасында 230 адам көз жұмған.