×

Алматы әкімдігі Паралимпиада ойындарының қатысушысы Кәмиля Досмалованы құттықтады

Ол халықаралық додада бесінші орын алған болатын

 Қымбат Елтайқызы 09.10.2024 | 16:50
фото: Алматы әкімдігі

Кәмиля Досмалова – пара-таеквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол Парижде өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарында бесінші орын алған еді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов спортшы мен оның жеке жаттықтырушысы Әнуар Үсеновтің ерік-жігер мен табандылықтың үлгісін көрсеткендерін атап, табысты өнер көрсетуімен құттықтады. Кездесу барысында Шаханов Досмалова мен оның жаттықтырушысына премьер-министр Олжас Бектеновтің атынан алғыс хаттар табыс етті.

Сонымен қатар, Бейбіт Шаханов Кәмиля Досмаловаға 2 миллион теңгелік ақшалай сертификат, ал Үсеновке 1,5 миллион теңгелік сертификат тапсырды. Сонымен қатар, спортшыға қызметтік баспана берілді.

Бізге қолдау көрсеткен барлық қазақстандыққа, сондай-ақ Алматы әкімдігіне зор алғысымды білдіремін. Бұл қолдау менің болашақ жетістіктеріме негіз болады, – деді Досмалова.

Өткен Паралимпиадада Қазақстан құрамасы рекордтық тоғыз медаль жеңіп алды, оның ішінде 2 алтын, 3 күміс және 4 қола.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама