Ертіске бекіре шабақтары жіберілді

Қымбат Елтайқызы

Олардың саны 130 мыңға жуықтады

фото: Абай облысының әкімдігі

Ертіс өзеніне Сібір бекірелерінің шабақтары жіберілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Абай облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Жаңасемей ауданына қарасты Шаған ауылы маңындағы Ертіс өзеніне 128 мың сібір бекіресінің шабағын жіберді, деп мәлімдеді Абай облысының әкімдігі.

Бұл акция Ертістегі бағалы балық түрі – Сібір бекіресінің популяциясын қалпына келтіруге бағытталған. Сонымен қатар, бұндай іс-шаралар аймақтағы биологиялық әртүрлілікті сақтауға ықпал етеді, – деді қосты ведомство.

Қыркүйекте Жаңасемей ауданындағы Шүлбі су қоймасына да 83 мың сазан жіберілді. Бұнымен бірге, Oilfish ЖШС және «БШ ҒЗИ» ЖШС бастамасымен қыркүйекте Крупская ауылында жергілікті су қоймаларын бекіре тұқымдас балықтармен қорландыру акциясы өтті. Осы акция барысында Ертіске орташа салмағы 12 грамм болатын бекіре тұқымдас балықтар жіберілді.