Қымыз ішу сайысынан бөлек, ұлттық ойындардан да жарыс өтті
Қорғалжын ауданының Бытығай (кезінде қалашық болған) деп аталатын жерінде қымызмұрындық тойы өтіп, қыздар мен жігіттер қымыз ішуден жарысты.
Бұл – халықтың бастамасы. Біз оны қолдадық. Барлық шығынды да тегіс осы халық көтеріп отыр. Ауыл-ауыл болып атсалысып, бір адамдай жұмыс істеп жатыр. Қорғалжын азаматтарының өзінің тіршілігінің арқасында біз 25-тен астам киіз үй құрдық, - дейді Қорғалжын ауданының әкімі Берік Жанбаев.
Сонымен, қымызмұрындық тойында қымыз ішу сайысынан Кеңбидайық ауылының тұрғыны Есенгелді Мұсабеков жеңімпаз болды. Ол 5 минутта 10 тостаған қымызды сіміріп, «Жыл көлтауысары» атанды.
Одан бөлек, бұл дүбірлі тойда ұлттық ойындардан да жарыс өтті. Шабандоздар 16 және 25 шақырымға бәйгеге түсіп, палуандар белдесіп, 80-90 жігіт көкпар тартысты.