×

«Жыл көлтауысары» 5 минутта 10 тостаған қымызды сіміре салды

Қымыз ішу сайысынан бөлек, ұлттық ойындардан да жарыс өтті

 Еркеғали Болатұлы 13.06.2022 | 11:29
фото: ашық дереккөз

Қорғалжын ауданының Бытығай (кезінде қалашық болған) деп аталатын жерінде қымызмұрындық тойы өтіп, қыздар мен жігіттер қымыз ішуден жарысты.

Бұл халықтың бастамасы. Біз оны қолдадық. Барлық шығынды да тегіс осы халық көтеріп отыр. Ауыл-ауыл болып атсалысып, бір адамдай жұмыс істеп жатыр. Қорғалжын азаматтарының өзінің тіршілігінің арқасында біз 25-тен астам киіз үй құрдық, - дейді Қорғалжын ауданының әкімі Берік Жанбаев.

Сонымен, қымызмұрындық тойында қымыз ішу сайысынан Кеңбидайық ауылының тұрғыны Есенгелді Мұсабеков жеңімпаз болды. Ол 5 минутта 10 тостаған қымызды сіміріп, «Жыл көлтауысары» атанды.

Одан бөлек, бұл дүбірлі тойда ұлттық ойындардан да жарыс өтті. Шабандоздар 16 және 25 шақырымға бәйгеге түсіп, палуандар белдесіп, 80-90 жігіт көкпар тартысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама