Білім ордасы тәулік бойы жұмыс істейді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда алғаш рет жасанды интеллект (ЖИ) мектебі ашылады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Astana Hub халықаралық технопаркі Tomorrow School ЖИ мектебін іске қосады. Жоба 2025 жылы құрылатын Ұлттық жасанды интеллект орталығының негізін қалауға мүмкіндік береді.
Жасанды интеллект мектебінде шетелдік педагог Николас Садирак әзірлеген инновациялық peer-to-peer оқыту жүйесін пайдаланылады. Ондағы білім алушылар бағдарламалау дағдысын нөлден бастап үйренеді. Оқуды аяқтаған түлектердің жұмысқа орналасуына жағдай жасалады.
Tomorrow school-дың ерекшелігі төмендегідей:
Іріктеу үміткерлердің логикасын тексеретін 2 онлайн ойыннан және оқытудың кіріспе кезеңінен («бассейн») тұрады.
Бірінші кезең («бассейн») 21 қазан – 17 қараша аралығында өтеді. Осыдан кейін қатысушылар 18 айға жоспарланған негізгі оқытуға көшеді. Бұл кезеңде олар 50-ден астам жобаны іске асырып, Golang, Rust, JavaScript, Python және басқа да 20-дан астам бағдарламалау тілін меңгереді.
Соңында студенттер төмендегі мамандықтардың бірін таңдауға мүмкіндік беріледі:
«Бассейн» барысында үздік нәтиже көрсеткен өзге қаладан келген қатысушылар негізгі оқу барысында баспанамен қамтамасыз етіледі.
ЖИ мектебінде оқу үшін 17 қазанға дейін tomorrow-school.ai платформасында тіркелу керек.