Алматы облысында кәсіпкерден 100 мың теңге пара алған маман сотталды

Айгерім Таубай

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

Фото: Sputnik/Ертай Сарбасов

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында кәсіпкерден 100 мың теңге пара алған маман 2 жылға сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық соты Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау комитетінің аумақтық инспекциясының басшысы Ермековке қатысты үкім шығарды. Ол жылқыларды Ресейге әкетуге ветеринариялық сертификат бергені үшін кәсіпкерден 100 мың теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол сот үкімімен мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет ету құқығынан айырылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды, - деді Бигайдаров.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.