Halyq Uni логотип
×

«Елорда құрылыстың» бұрынғы басшысы 10 жылға сотталды

Кәдесов мердігер ұйым басшысынан 170 млн теңге пара алған 

 Айгерім Таубай 09.10.2024 | 13:21
«Елорда құрылыстың» бұрынғы басшысы 10 жылға сотталды
Фото: Halyq Uni

«Елорда құрылыс» компаниясының бас директоры болған Руслан Кәдесов сотталды. Бұл турады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Астана соты «Елорда құрылыс» компаниясының бас директоры Кәдесов пен азамат Дәулетовке қатысты үкім шығарды. Кәдесов Дәулетов арқылы Астанада көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу шарты бойынша аванс төлегені және сметаны ұлғайтқаны үшін мердігер ұйым басшысынан 170 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен Кәдесов 10 жылға, Дәулетов 6 айға бас бостандығынан айырылды, - деді Бигайдаров.

Кәдесовтен төрт автокөлік тәркіленді. Сондай-ақ 170 млн теңге өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама